Нұр-Сұлтанда сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті

Нұр-Сұлтанда сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтті

Елорданың көпсалалы медицина орталығында онкологтар мен маммологтардың қатысуымен ашық есік күні өтті. Қабылдау әйелдер ауруларының ерте сатысының алдын алу және анықтау мақсатында жүргізілді. Іс-шара Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар ету күні аясында ұйымдастырылды.

Сүт безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулар мен өлім-жітім құрылымында әлемде және Қазақстанда әйелдер арасында жетекші орын алады, деп ескертеді дәрігерлер.

Сүт безі патологиясының негізгі белгілеріне кеудедегі ауырсыну, ісіктің сезілуі, сұйықтықтың бөлінуі жатады.

Бұл аурудың алдын-алу шаралары профилактика, стрессті жеңілдету және салауатты өмір салтын сақтаудан тұратын үш кезеңді қамтиды.