
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №6 мектеп-гимназиясында оқушылардың ата-аналарымен «Жауапкершілік және заң» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара салық және салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кездесудің мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық міндеттерді, оның ішінде салық төлеу саласындағы жауапкершілікті саналы түрде орындауға деген көзқарасты қалыптастыру.
Қатысушыларға салық жүйесінің негіздері, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселесі түсіндірілді. Отбасы мен қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Бұл кездесудің басты мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық міндеттерді, оның ішінде салық және салық салу саласындағы жауапкершілікті саналы түрде орындауға деген көзқарасты қалыптастыру. Біз салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін, заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ отбасындағы заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру мен балаларды заңды құрметтеуге тәрбиелеудегі отбасының рөлін кеңінен түсіндірдік. Заңды құрметтеу – белсенді азаматтық ұстанымның маңызды бөлігі», – деді №6 гимназияның тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Юлия Зимодра.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылап, салық салуға қатысты практикалық түсіндірмелер алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас танытуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеудегі отбасының рөлі жеке талқыланды. Спикерлер ата-аналардың жеке үлгісі балалардың заңды сақтау мен қоғам және мемлекет алдындағы жауапкершіліктің маңызын түсінуіне тікелей әсер ететінін атап өтті.
#законипорядок #заңжәнетәртіп