
Астанадағы №22 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында оқушыларға арналған тәрбие және алдын алу шараларының сериясы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның мақсаты – оқушыларға өз іс-әрекеттері мен оның салдары үшін жауапкершілік қалыптастыру, сондай-ақ агрессия, қорлау және төбелестің алдын алу. Іс-шаралар аясында оқушылар үшін құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер, интеллектуалды ойындар және құқықтық турнир ұйымдастырылады.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында мектепте «Заң және тәртіп» бағыты бойынша іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндірме жұмысы жүргізіледі, заңдар нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Нәтижесінде балалардың заңға қатынасы өзгереді, ережелерді сақтау маңызды екенін түсінеді», – деді мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Айжан Айыпқызы.
«Заң және тәртіп» қағидаты оқу жылының соңына дейін жалғасады. Бұл шараларға 1-11 сынып оқушылары, педагогикалық ұжым және ата-аналар қатысады.
#законипорядок #заңжәнетәртіп