Астанада «Рахмет саған, туған ел» қалалық патриоттық ән байқауы өтті

Астанада «Рахмет саған, туған ел» қалалық патриоттық ән байқауы өтті

Астанадағы М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында оқушылар мен олардың әкелері арасында өтетін «Рахмет саған, туған ел» атты VII қалалық вокалдық патриоттық ән байқауының ашылуы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың мақсаты – әкелер мен ұлдардың вокалдық және шығармашылық қабілеттерін қолдау, бірлескен өнерді дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту және буындар арасындағы мәдени сабақтастықты арттыру.

«Байқауға елордалық мектеп оқушылары мен ата-аналар, нақтырақ айтқанда әкелер қатысады. Біз балаларға Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді сіңіруді көздейміз. Бұл конкурс тағы бір маңызды міндет атқарады – ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейтеді. Барлық іріктеу кезеңінен кейін финалға 16 мектеп өтті. Әр командада төрт адамнан: екі бала мен екі әке немесе аталар. Байқау жеті жыл бұрын басталды, жыл сайын қатысушылар саны артып келеді», – деді Сарыарқа ауданының әкелер кеңесінің төрағасы Жолдас Құсбеков.

Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, Оқушылар сарайының Қамқоршылық кеңесінің мүшелері биылғы байқауға елордалық тұрғындардың белсенді қатысқанын атап өтті.

Биыл байқауға елорданың жүзден астам мектебі өтініш берген. Алдын ала іріктеу нәтижесі бойынша финалдық кезеңге 16 қатысушы іріктелді:

• Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі;
• Қ. Мұхаметханов атындағы №90 мектеп-гимназия;
• Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей;
• №28 мектеп-лицей;
• Zerdeli халықаралық мектебі;
• №109 орта мектеп;
• №91 мектеп-гимназия;
• №73 мектеп-лицей;
• №33 орта мектеп;
• Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей;
• №18 орта мектеп;
• №37 мектеп-лицей;
• Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицей;
• С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия;
• Шейх Тамим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицей;
• Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия.

Байқаудың қазылар алқасына әкімдік өкілдері, білім беру ұйымдарының мамандары және Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық өнер университетінің оқытушылары енді. Финалдық кезең бірнеше бөлімнен өтті.