Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.