Астанада гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр

Астанада гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр
Астана қаласындағы «Думан» спорт кешенінде батуттық гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің орынбасары Жұбаныш Батыханұлы сөз сөйлеп, жас спортшыларға әділ бәсеке, сенімділік пен жарқын өнер көрсетуін тіледі. Чемпионатқа шамамен 70-ке жуық жас гимнаст қатысып жатыр

Чемпионаттың мақсаты – елордада спорттық гимнастиканы дамыту және жас спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру. Жарыс ертең мәресіне жетеді.