Отандық және шетелдік урбанистердің қалаларды стратегиялық жоспарлау бойынша жиыны өтеді

Отандық және шетелдік урбанистердің қалаларды стратегиялық жоспарлау бойынша жиыны өтеді

Елорда әкімдігі урбанистика орталығы мен QazUrban қауымдастығымен бірлесіп, 16 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде Astana Hub (EXPO ауданы) алаңында Халықаралық урбанистер форумын өткізеді. 

Форумның мақсаты - тәжірибе алмасу, елорданы дамыту үшін сәулет, урбанистика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

Халықаралық сарапшылар да шақырылған: А.Елбаев, блогер-урбанист А.Гершман (онлайн), "Проектная группа 8" басқарушы серіктесі Д.Смирнов, Қолданбалы урбанистика орталығының негізін қалаушы С.Мурунов, Space Syntax Limited компаниясының директоры Эд Пархэм.

Нұр-Сұлтан қаласын жайлы ортаға айналдыруға тікелей қатысып жатқан тұлғалармен пікірталастар мен талқылаулар күтілуде.

Ссылка ZOOM us02web.zoom.us/j/83721681804