
Жол жұмыстарына байланысты 14-18 қазан аралығында Жетіген көшесінде Пушкин көшесінен Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын толығымен тоқтату жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліске жол бермеу үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.