Астанада таңертеңнен бері 3000-ға жуық жол жұмысшысы қар күреуге жұмылдырылды

Астанада таңертеңнен бері 3000-ға жуық жол жұмысшысы қар күреуге жұмылдырылды

Астана қаласының коммуналдық қызметтері қыс басталғаннан бері күшейтілген тәулік бойы режимде жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан 370 рейспен 4 698 текше метр қар шығарды. 15 қараша күні күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына 2 966 жол жұмысшысы мен 867 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы шараларға ерекше көңіл бөліп отыр: тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себілуде.

Айта кетейік, қыс маусымы басталғалы бері қала аумағынан арнайы полигондарға 281 мың текше метр қар шығарылды, бұл – 22 552 жүк көлігі рейсіне тең.
Ең алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жолдары тазартылады.

Осыдан кейін қозғалысы орташа орындар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларға назар аударылады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін, жолдар мен тротуарларда аса мұқият болуды, сондай-ақ ауа райының қолайсыз жағдайында алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.