Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлайды:
«Арыстан» тұрғын үй кешенінде (Төлебаев к., 5) 16 лифт орнатылған (әрбір кіреберісте 2 лифт). Тұрғындар кірген сәттен бастап лифт қызметін «Эколифт» ЖШС компаниясы атқарған, алайда тұрғындардан жиі шағым түскен.
Жауапты органдар – ЕҚК, аудан әкімдігі және тұрғын үй инспекциясының өкілдерінің тексерулері мен шығу жиындары нәтижесінде 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап «A-TEKNIK» ЖШС лифт қызметін «LIFT STROY IMPORT» ЖШС компаниясына ауыстырған.
16 лифтінің тек 6-ауы ғана пайдалануға беріліп, Басқарманың есебіне қойылған. Қалған 10 лифт есепке алынбаған және пайдалануға берілмеген. «A-TEKNIK» ЖШС компаниясына лифтілерге қатысты бірнеше ескерту берілген. Сонымен қатар, Астана қаласының мамандандырылған аралық экономикалық сотының шешімі бойынша құрылысшы «A-TEKNIK» ЖШС-ға кемшіліктерді жою, лифтілерді іске қосу және қауіпті техникалық құрылғыны «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-ге есепке қою жөнінде хабарлама жіберу міндеті жүктелген. Белгілі мерзімде міндеттемелер орындалмағандықтан, құрылысшыға жеке сот орындаушы арқылы мәжбүрлі орындау тізімі жолданған, нәтижесінде «A-TEKNIK» ЖШС-ға қатысты атқарушылық іс жүргізу басталды.
Оқиға кезінде қызмет көрсетуші ұйымы лифтіні пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмысын жүргізіп отырған.
Лифтінің құлау фактісі бойынша еңбек инспекциясы, полиция департаменті, тұрғын үй инспекциясы және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрылған. Оқиғаның себептері тергеліп жатыр.