Астанада зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті

Астанада зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті
Астанадағы Есіл ауданында зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингті орталықтың психологы Күлбадам Кенженова жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тренинг «Темперамент түрлері», психологиялық өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, қарым-қатынасты және бірлескен жұмысты жақсарту тақырыптарына арналды.

«Темперамент – адамның табиғи ерекшелігі. Ол эмоциялық қабылдау мен мінез-құлықтың негізінде жатыр. Темпераменттің белгілі төрт түрі – холерик, сангвиник, флегматик және меланхолик өзгермейтін қасиет емес, керісінше, оны түсініп, қабылдау арқылы тиімді қарым-қатынас орнатуға болады. Бұл адамға өзін де, өзгелерді де жақсырақ түсінуге көмектеседі», – дейді орталықтың психолог маманы Күлбадам Бақбергенқызы.

Тренинг «Темперамент – бұл ерекшелік. Әр ерекшеліктің өз күші бар!» деген ұранмен өтті.

Тренинг барысында зейнеткерлер темперамент түрлерімен танысып, психологиялық тестілерден өтті. Қатысушылар өз мінез-құлқын жақсырақ сезініп, қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын үйренді.

Кеш соңында зейнеткерлер белсенділік танытып, пайдалы және қызықты өткен тренинг үшін алғыстарын білдірді.