
Астана қаласының дзюдошысы Дәулеткерей Сейфил Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғады.
Ақтық сында Дәулеткерей өзбекстандық Мирзохид Худойкуловпен кездесіп, тартысты белдесудің қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберіп, екінші орын иеленді.