LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады

LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады

Сығанақ көшесіндегі LRT жабық жаяу жүргіншілер өткелінің учаскесінде (МБК «Абу Даби Плаза» ғимаратынан «112 станциясы» ғимаратына дейін) құрылыс ағаштарын бөлшектеу және материалдарды шығару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бөлшектеу жұмыстары 23 қазан күні сағат 12:00-ден 25 қазан күні сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Сығанақ көшесінің оңтүстік жағы – Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысындағы учаскеде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.