Астанада Otbasy DUATHLON 2025 отбасылық дуатлоны ұйымдастырылады

Астанада Otbasy DUATHLON 2025 отбасылық дуатлоны ұйымдастырылады

Елордалық Триатлон паркінде 26 қазанда «OTBASY DUATHLON 2025» отбасылық дуатлоны өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Дуатлонға қатысуға барлық тілек білдірген отбасылар шақырылады.

Қатысушы командалар 5,2 км қашықтықты еңсеруі керек:

- әке - 2,5 км (жүгіру);
- ана - 2,5 км (велосипед);
- бала - 250 м (жүгіру).

Қатысушыларды тіркеу нөмірі бойынша онлайн жүргізіледі+7 701 408 83 93 (Гүлжан).

Отбасылық дуатлон 26 қазанда сағат 11.00-де Триатлон саябағында өтеді.