Елордалық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

Елордалық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

Мысырдың Каир қаласында пара пауэрлифтингтен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы байрақты додада ел намысын қорғаған елордалық спортшылар табысты өнер көрсетіп, бір күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қуаныш Рахатұлы 105 келіні көтеріп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал 59 келіге дейінгі салмақта 121 келі нәтижесін көрсеткен Вазир Надыров қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, чемпионатқа әлемнің 27 елінен 120 пара спортшы қатысты.