Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 8-10 қазан аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.