
Қызылорда қаласында велосипед спортынан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы, сондай-ақ командалық эстафета мен критериум бойынша ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде өткен тасжолдағы командалық эстафета сайысында Астана құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Команда құрамында мынандай спортшылар өнер көрсетіп жатыр:
• Сергей Кармажаков;
• Мұрат Күйтенов;
• Арлан Ерік;
• Алина Венглинская;
• Елена Мандракова;
• Милана Котельникова.
Айтулы жарыс ертең өз мәресіне жетеді.