Елорда тұрғындары абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу мәселелері бойынша өтінімдерді «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы жолдай алады. Қызмет қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Әрбір қала тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыруға қатысты өз проблемасын жеткізе алады.
Жүйе іске қосылғаннан бері 3158 өтінім түскен, оның 2803-і орындалды, тағы 39-ы – іске асу сатысында, қалғандары – қаралу үстінде.
Өтінімдерде көтерілген негізгі мәселелер – аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою.
Барлық ескерту дер кезінде қаралып, тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындармен жылдам әрі ашық өзара байланыс орнатуында.