Сәтбаев көшесіндегі учаске 12 қазанға дейін жабылады

Сәтбаев көшесіндегі учаске 12 қазанға дейін жабылады

Жол құрылыс жұмыстарына байланысты 12 қазанға дейін Сәтпаев көшесінде Б.Момышұлы даңғылынан Қарқабат көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысын ішінара жабу жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын ала жоспарлауы керек.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.