Фотографтың көзімен: Астанада полицейлердің еңбегіне арналған «Заң және тәртіп» атты көрме өтті

Фотографтың көзімен: Астанада полицейлердің еңбегіне арналған «Заң және тәртіп» атты көрме өтті

Елордадағы «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында полиция қызметкерлерінің еңбегіне арналған «Заң және тәртіп» атты фотокөрме өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көрмені қалалық Полиция департаменті ұйымдастырды. Онда құқық қорғаушылардың қызметінің әртүрлі қырын көрсететін фотосуреттер қойылды: қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел іс-шаралар жүргізу, халықпен байланыс орнату.

Көпшіліктің ерекше назарын құқық қорғаушылардың ерлігін бейнелейтін фотосуреттер аударды. Әрбір туындыға оқиғаға қатысқан тәртіп сақшыларының түсіндірмелері қоса берілді.

«Көрменің негізгі мақсаты – полиция қызметінің сан қырын көрсету, заңға адал қызмет етудің маңызын айқындау және халық пен тәртіп сақшылары арасындағы сенімді нығайту. Бүгін біз полицияның жағымды имиджін қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара өткізіп отырмыз. Көрме аясында елордалық полиция қызметінің түрлі қырын ашып көрсететін фотожұмыстар ұсынылды», – деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Сонымен бірге көрмеде полицияның жастар тәрбиесіне қосып отырған зор үлесі де көрсетілді.

«Бұл оқиғалар – қала тұрғындарының қауіпсіз өмірін қамтамасыз етіп жүрген мыңдаған адамның тәулік бойғы еңбегін еске салатын маңызды естелік», – деп толықтырды Эльмира Шәуленова.

Көрмеге келгендер мұндай бастамалар полицейлердің еңбегін жақсырақ түсінуге, олардың жауапты әрі маңызды қызметін бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

#законипорядок #заңжәнетәртіп