Астанадағы нашақорлыққа қарсы айлық: полицейлер мас ер адамдарды гашишпен ұстады

Астанадағы нашақорлыққа қарсы айлық: полицейлер мас ер адамдарды гашишпен ұстады
Елордада Полиция департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы айлық жалғасуда. Құқық қорғау органдары есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымға байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, Астана қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының операторлары Кенесары көшесінде алкогольдік масаңдықтың айқын белгілері бар екі ер адамды байқаған. Ақпарат бірден жақын маңдағы патрульдік полиция жасағына жеткізілді.

Тексеру барысында ер адамдардың бірінің күртешесінің қалтасынан есірткі заты – гашиш табылып, тәркіленді. Ол есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Елордада өтіп жатқан нашақорлыққа қарсы айлық сияқты шаралар халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмысы мен басқа да қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін құбылыстарға қарсы күресте маңызды рөл атқарады.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында іске асырылып жатқан шаралар кешені бірлескен рейдтер өткізуді, оқу орындарында профилактикалық кездесулер ұйымдастыруды, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жою жұмыстарын қамтиды.

#законипорядок #заңжәнетәртіп