Астанада өткен «Бейбітшілік симфониясы» концерті әлем музыканттары мен көрермендерінің басын қосты

Астанада өткен «Бейбітшілік симфониясы» концерті әлем музыканттары мен көрермендерінің басын қосты

Елордада Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің VIII съезі аясында «Бейбітшілік симфониясы» атты концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты концерт Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында съезд қонақтары мен қатысушылары үшін ұсынылды. Іс-шараның басты мақсаты – диалог, өзара түсіністік пен рухани бірлікті дәріптеу. Жиынға белгілі қазақстандық орындаушылар, оркестрлер, хор ұжымдары және шығармашылық топтар қатысты.

Сахна төрінде Бағжан Октябрь, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі мен камералық хоры, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ардақ Елеусіз, «Жаңа толқын-2025» халықаралық байқауының жүлдегері Yernazar, халықаралық байқаулардың лауреаттары Такен Ернұр, Елена Михеева, Альбина Оганесян, Татьяна Ким, Тимур Умаров және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.

Концерттік бағдарлама түрлі халықтар мен конфессиялардың әуендерін тоғыстырып, мәдениеттер мен діндер арасындағы байланыстарды нығайтудағы өнердің күшін айшықтады.