Астанада Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Астанада Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ретте 12 қыркүйектен бастап күндізгі уақытта ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі сағат 20:00-ге дейін Қ.Сәтбаев көшесі жағынан Қ. Мұнайтпасов бағытындағы қозғалыс толығымен жабылады.

Сондай-ақ, Ақбұлақ каналы жағынан бағыт тек оңға және солға қамтамасыз етіледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.