
«Жангелдин көшесінде Бейсекова көшесінен Күмісбеков көшесінен дейінгі учаске құрылысы» жобасы аясында құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты 2-5 қазан аралығында 187 (Жангелдин) көшесінде Бейсекова көшесінен дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернатқа дейінгі учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.