Спорт басқармасы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды

Спорт басқармасы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен және ведомстволық бағыныстағы мекемелер басшыларымен кездесу өтті. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған заңнамалық актілер таныстырылды. Ж.Жылқышиева сыбайлас жемқорлықпен күрестегі шектеулерге тоқталды. Сондай-ақ кездесуде әлеуметтік ролик көрсетілді.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының сапалы жаңа деңгейге өту факторларының бірі – «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында пайдалануға берілген ашық бюджеттердің интерактивті картасы. Қазіргі уақытта бұл алаңда дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердің бюджеттері бар.