
Дін саласындағы ақпарттық-түсіндіру тобының мүшелеріне «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңа әдістер мен тәсілдер және шешендік өнерді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.
Ақпараттық-түсіндіру тобыны кездесуде түсіндірудің жаңа формаларын айтып берсе, тәжірибелі журналисттер шешендік өнер, ораторлық шеберлік саласының тиімді әдістерімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында, білікті мамандардан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы зайырлы, қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын насихаттауды мақсат етеді.