
Egov Mobile қосымшасында «Заң мен Тәртіп» деген жеке батырма пайда болды. Оны басқан сәтте полицияға шағым жолдау терезесі ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Енді кез келген құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы, балаға қатысты оқыс оқиға немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуы жөнінде бір ғана батырманы басу арқылы қоңыраусыз және полиция бөліміне бармай-ақ хабарлауға болады.
Полиция хабарламаны жедел қабылдап, бірден әрекет етеді.