Елордадағы жаңа жануарлар баспанасын басқаратын компания ашық байқау арқылы анықталады

Елордадағы жаңа жануарлар баспанасын басқаратын компания ашық байқау арқылы анықталады

Қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған жаңа баспанның жұмысын қамтамасыз ететін компания ашық конкурс арқылы анықталады, оған барлық мүдделі еріктілер және басқа да ұйымдар қатыса алады. Бұл туралы қоғамдық ұйымдармен және волонтерлік бірлестіктермен кездесу барысында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мәлімдеді.

«Бүгінде біз жануарларға жанашылрлық танытып жүрген белсенділермен тыңыз байланыс орнатып жатырмыз. Олармен жануарлар баспанасын сенімгерлік басқаруға беру мәселелерін талқыладық. Ашық конкурс талқылаулар мен келіссөздер, жүйелі шаралар қабылданғаннан кейін жарияланатын болады», - деді «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы Дәулет Досқұлов.

Кездесуде тараптар салада туындаған актуалды мәселелерді ескере отыра, алда бірлесіп орындалатын бірқатар іс-шараларды белгіледі.

«Біз жаңа баспананы жүргізу мен ондағы жануарларды асырауға арналған жоба әзірледік. Шетелдік және Қазақстанның өзге де қалалалрының тәжірибелеріне сүйене отыра, сараптама жасадық. Алдағы жарияланатын байқауға біз де қатысатын боламыз» - деді NUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының жетекшісі Лилия Сарсенова.

Кездесу нәтижесі бойынша, алдағы уақытта мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз сенімгерлік басқару шарты шеңберінде жаңа баспана жұмысының тұжырымдамасы бекітілетін болады.