«Толқын» спорт кешенінде күрделі жөндеу аяқталды

«Толқын» спорт кешенінде күрделі жөндеу аяқталды

«Толқын» спорт кешені күрделі жөндеуден кейін келушілерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Мұнда жөндеу жұмыстары мамыр айының басында басталды. Бүгінде спортшылар қаладағы ең алғашқы спорт кешендерінің бірі адам танымастай өзгергенін атап өтті.

Құрылысшылар кешеннің шатырын ауыстырып, кеңселерді, киім ауыстыратын, жуынатын, техникалық бөлмелерді жөндеуден өткізді. Спорт кешені заманауи климаттық жүйеге ие. Ғимараттың алдына панельдер орнатылып, бүкіл ғимарат сырланды, сәндік қоршаулар орнатылып, шыршалар отырғызылды. «ТОЛҚЫН» сөзі жарықтандырылып, жаңа белгілер қойылды.

Сонымен қатар алдыңғы бақша гүлзарлармен абаттандырылып, спорт кешенінің артындағы аумаққа асфальт төселді.

«Оқу-жаттығу процесін жақсарту және спортшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында пирсті (салды) жөндеу аяқталуда. Спортшыларға арналған саунаның электрлік қыздыру элементтерін жөндеу аяқталды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, спорт нысандарын жөндеу жұмыстары Нұр-Сұлтанда Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жүргізілуде.

Бүгінгі таңда елордада 30 ірі спорт нысандары жұмыс істейді, оның 18-і мемлекеттік, 12-сі жеке меншік.