Қарталы көшесі 5 қазанға дейін жартылай жабылады

Қарталы көшесі 5 қазанға дейін жартылай жабылады

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Қарталы көшесінің Дулатов көшесінен Конституция көшесіне дейінгі бөлігінде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Осыған байланысты 18 қыркүйек пен 5 қазан аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.

"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз",– делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.