
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолының Ш. Айтматов көшесінен Е-128 көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстардың аясында жол жабынының жоғарғы қабатын төсейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 22 - 26 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.