
Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-мен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13 бабына сәйкес елорда тұрғындарын Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары жобасымен (бұдан әрі – Жоба) танысу және талқылау үшін шақырады
Қоғамдық талқылау барысын оңтайландыру мақсатында жобалық материалдар астананың әкімшілік аудандары бойынша келесідей ұсынылатын болады:
15 қараша – «Алматы» ауданы;
16 қараша – «Байқоңыр» ауданы;
17 қараша – «Есіл» ауданы;
18 қараша – «Сарыарқа» ауданы.
Ғимаратқа жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда ғана кіруге болады.
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және
жер қатынастары басқармасы» ММ