
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Ай сәулесімен кітап оқиық» атты кітапхана түні
Астана қаласы әкімдігінің ОКЖ КММ
Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы
E-mail: sbs_sbs@mail.ru
2022 жылы 7 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында білімге бойлап, қызықты ойын-сауыққа ұласатын «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Ай сәулесімен кітап оқиық» атты кітапхана түні өтеді.
Бұл шараның мақсаты – оқырманның кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, халықтың кітап оқуға деген белсенділігін арттыру, кітап оқуды насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, қала тұрғындары мен қонақтарын еліміздің белгілі және танымал жазушы–ақындарымен, жас ақындар және өнер қайраткерлерi шығармаларымен таныстыру.
Кештің барысы – орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі клубтар мен үйірмелер, кітапхана жобалары жұмысын көрсетіп, қызықты ойын-сауықтар мен безендірілген кітап көрмелері, кітап алмасу және кітап саудасын ұсынады.
Кітапхана түні бағдарламасында: «Менің қолтаңбам» жобасы аясында балалар жазушылары Нұрлан Қалқа, Баянғали Әлімжанов, Серікбол Хасан, Зауре Төрехан, Толымбек Әбдірайым, Дария Джумагалиева т.б ақын-жазушылармен автограф-ссесиясында кездесу, кітап тұсаукесерлері, BookDating, «Буккроссинг» акциясы, ертегілерді құм анимациясы арқылы бейнелеу, шеберлік-сыныптар, лингвистикалық ойын, «Қызғалдақ», «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі, «Авангард» поэзия сүйгіш клубы, суретші Серік Кульмешкеновтың «Височные часы» кітабы тұсаукесері т.б жұмыстарды тамашалай аласыздар. Кітапхана түнінің басты ерекшелігі Үндістан, Өзбекстан, Түркия, Польша, Армения, Ресей елшіліктерінің кітаптар сыйға тартуы, кітап көрмелері ұсынуы, сондай-ақ кітапхана түнінде кез келген адам өзіне қызықты кітап сатып ала алатын көркем кітап жәрмеңкесі-сатылымы ұйымдастырылады.
Іс-шара бағдарламасы ауқымды, әрі қызықты да, танымды түрде өтеді. Мерекеде барлық тұрақты оқырмандарымызды және кітапхана есігін алғаш рет ашатын болашақ оқырмандарымызды күтеміз.
Өтетін орны: Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
Бөгенбай батыр даңғылы, 52.
Уақыты: 19:00 -23:00
Қатысушылар: Астана қаласының шығармашылық зиялы қауымы, қала кітапханашылары мен оқырмандары
Ұйымдастырушы:
Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ
Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» ММ
Серіктестер:
Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалы
Астана қаласы әкімдігінің «Наз мемлекеттік би театры» МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақтар театры» МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК
«Замандас 21» қоғамдық қоры
«Аманат» партиясы
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы
«Фолиант» баспасы
«BIG DRIEM» баспасы
АКРЕДИТАЦИЯ ҮШІН:
+7 701 327 3708 (Шынар Устенбекова)