
Астана циркінде алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетеді. Әлемдік цирк кеңістігінде өзіндік қолтаңбасы бар атақты цирк ұжымының гастрольдік сапары Балалар жылы аясында 1-23 қазан аралығында өтеді. Никулин циркі көрермен назарына виртуоз гимнасшылар, әуе гимнасшылары мен жонглерлер, акробат-эксцентриктер мен эквилибристер, көпшілік сүйетін сайқымазақтардың таңғажайып бағдарламаларын ұсынады.
Бұл бағдарлама Юрий Никулиннің 100 жылдығына арналған, үздік артистер шоғырланған теңдесі жоқ бағдарлама. Ю.Никулин циркі 1-ші қазан күнгі бағдарламасын халықаралық қарттар күніне орай қарттар үйінен, балалар үйінен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан келген көрермендерге арнайды.
Билеттерді Тикетон сайтында және цирк кассаларында ала аласыздар.
15:00 - Әртістермен сұхбат
16:00 - Цирк қойылымының басталуы
Байланыс телефоны: 87015380823
Астана циркінің бас режиссері - Әйгерім Тілегенова