Logo

Меню

Страницы

Статья

Астанада дәрігерлерге отоларингологиядағы күрделі жағдайлар бойынша шеберлік сыныбы өтеді

Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Р.Қошқарбаев көшесі, 64

        Өтетін уақыты:  а.ж. 1 қазан, басталуы сағат 10:00-да

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК базасында отоларингологиядағы күрделі жағдайлар бойынша шеберлік сыныбы өтеді. Оған белгілі профессор,  Ұлттық отоларингология медициналық зерттеу орталығы директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Хассан Диаб шақырылды (Мәскеу қ.).  Профессор балаларға жасалатын күрделі оталарға қатысады.

 

Айта кетейік, бөлімшеде Астана қаласының бала тұрғындарына тәулік бойы жоспарлы және шұғыл көмек, сондай-ақ жақын аудандарда тұратын балаларға шұғыл көмек көрсетіледі. Бөлімше медициналық аппаратурамен және медициналық жабдықпен толық жабдықталған. Стационарда лорпатологиялар кезінде шұғыл және жоспарлы оталардың негізгі түрлері жасалады, оның ішінде мұрын жанындағы қойнауларда аз инвазиялы оталар (FESS хирургия), мұрын қалқасының қисаюын эндоскопиялық хирургиялық түзету жүргізіледі, түймешіктерді (полиптерді), жылауықтарды және аденоидтарды алып тастау, тонзиллэктомия жүргізіледі, естуді жақсарту бойынша оталар: барлық түрдегі тимпанопластика, ортаңғы құлақтың холестеатомасы кезінде радикалды антромастоидэктомия, сондай-ақ, кохлеарлық имплантация сияқты жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері жасалады.

 

Отаның басталуы 10:00-де.

 

Маңызды: журналистерге отаны түсіріп, ота жасайтын дәрігерлердің, сондай-ақ кішкентай пациенттердің ата-аналарының пікірін жазып алуға мүмкіндік беріледі.

 

Аккредиттеу үшін байланыс нөмірі:

+7 778 469 77 18

otdel.ims@mail.ru

 

 

Дата публикации
30 сентября 2022
Дата обновления
30 сентября 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
22 октября 2026
Инфографикалар
21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы