Logo

Меню

Страницы

Статья

Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор куәлігі

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық инспекторлар және жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

2022 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидалары бекітілді (бұдан әрі – Қағидалар).

Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдар «Tanba» жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде https://tanba.kezekte.kz/ru (бұдан әрі – Сервис) тіркеуден өтеді.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың куәлігін алу үшін өтініш пен Қағидаларда көрсетілген құжаттарды Сервис арқылы тапсыру қажет.

Сонымен қатар, жедел өзара әрекет ету және сервис пайдаланушыларының мәселелерін шешу үшін телеграмм-арна https://t.me/qaztanba және телеграмм-чат https://t.me/tanbaqaz құрылды.

Төмендегі сілтемде бойынша берілген қоғамдық инспекторлардың куәліктерінің тізімі көрсетілген:

https://tanba.kezekte.kz/ru/registry/inspector-cert-public/list

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы