
«Астаналық Цирк» өнері әлеміндегі ең ауқымды шаралардың бірі –Азия жаңғырығы XIII фестивалі аясында өтетін іс-шараларды жариялау мақсатында БАҚ өкілдерін тіркеуді жариялайды.
Фестиваль 10 мен 14 тамыз аралығында өтеді.
Фестиваль өзін әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас, сондай-ақ атақты цирк әртістерінің қатысуымен ең үздік цирк нөмірлерін көру мүмкіндігі бар елорданың визит карточкасына айналып, ең беделді Халықаралық цирк өнері фестивальдерінің бірі ретінде көрсетті.
Халыққа мәдени іс-шаралардан ләззат алуға мүмкіндік бермеген ұзақ карантиндік шектеулерден кейін бұл фестиваль қызықты сюжеті мен түрлі-түсті сипаты бар нағыз жарқын шоуға айналмақ.
БиылАстаналық цирк күмбезінің астында Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Израиль, Италия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Франция және Қазақстан сияқты әлемнің 13 елінен келген цирк әртістері өнер көрсетеді. Олардың арасында акробаттар, жонглерлер, әуе гимнасттары мен сайқымазақтар бар.
Қатысушылардың өнерін Питер Фекете(Венгрия м ), Латина Италия Халықаралық цирк өнері фестивалінің Президенті – Фабио Монтико, Саха Республикасы «Алмаз цирк» Мемлекеттік циркі директоры – Сергей Расторгуев, Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік циркінің директоры – Рустам Мажидов, Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік циркінің директоры – Бахтиёр Рахматуллозода, Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік циркінің директоры – Фархад Бекманбетов, Татарстан Республикасының «Қазан мемлекеттік циркі» Мемлекеттік автономды мәдениет мекемесінің директоры – Эльмира Болатова, Беларусь мемлекеттік циркінің директоры – Владимир Шабан, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент – цирк» МКҚК көркемдік жетекшісі – Сұлтан Сраилов, Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік циркі МКҚК бас директоры – Жаиков Максат Маратбекович сияқты әлемдік цирк индустриясының мәдениет қайраткерлері болып табылатын кәсіби қазылар алқасы бағалайтын болады.
12 тамыз күні сағат 14:00-де сіздерді Азия жаңғырығы фестивалінің ашылуына арналған баспасөз конференциясына шақырамыз.
Баспасөз конференциясы өтетін орны – «Астаналық Цирк». Басталуы сағат 14: 00-де.
Аккредитация 12 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін жалғасады.
Тіркелу үшін қоса берілген кестені толтырып, электрондық мекен-жайға жіберу қажет ns.madeniet@mail.ru
Байланыс телефоны: +7 775 712 2208 Бота (Пресс-Служба)