Logo

Меню

Страницы

Статья

«Ғажайып мекен» атты көрмесінің ашылуы

2022 жылғы 10 маусым күні сағат 16:00-де Ұлттық музейде ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Қасен Абаевтың «Ғажайып мекен» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнері саласына зор үлес қосқан танымал суретшінің шығармашылығын көпшілікке таныстыру. 

Қасен Абаев Қазақстандағы кітап шығару ісінің  бастауында тұрды. Өзінің суретші ізбасарлар шоғырын тәрбиелеп, 1984 жылы Бүкілодақтық «Өнер» байқауының лауреаты атанды. Суретші осылайша отандық кітап графикасының ұлттық ерекшелікке негізделген жаңа бетін ашты. Автордың 18 туындысы Қазақстан тарихында тұңғыш рет Жапонияда көрсетілді.

Суретшінің еңбектері Третьяков галереясында, Украинаның Т. Шевченко музейінде, Санкт-Петербург, Ташкент қалаларының, Молдова, Португалия, Франция, Испания, Германия, АҚШ және Мысыр музейлеріне қойылды.

Ол көркемсурет, графика және мүсіннің барлық бағыттарында жұмыс жасай отырып, өзінің қайталанбас қолтаңбасымен Қазақстанның кәсіби көркемсурет мектебінің лайықты ізбасары екенін дәлелдеді. Қасен Сейілханұлының туындылары қолтаңбасының ерекшелігімен, ойының тазалығымен, шынайылығымен ерекшеленеді. Шығармашылық туындылары құрлықтық, халықаралық және республикалық көрмелерде жүлделі орындарға ие болды.

«Ғажайып мекен» көрмесіне суретшінің еліміздің тарихынан сыр шертетін көркемсурет, графика және иллюстрация бағыттарындағы 100-ден астам туындылары қойылып отыр.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысады. 

 

 

ҚР Ұлттық музейі БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімі

 

Дата публикации
08 июня 2022
Дата обновления
08 июня 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
20 октября 2026
Ақпараттық материалдар
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы