
Балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы ауданы Интернациональный тұрғын алабында Мереке көшесіндегі 40 жаңа аула мен скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Биыл жазда ауданда 80 жаңа аула алаңы салынады, абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.
Алматы ауданының аумағын абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар осы жылдың сәуір айында басталды, жұмыстарды жоспарлау кезінде тұрғындардың өтініштері талданды, тұрғындармен көшпелі жеке кездесулер өткізілді. Бірінші кезекте қаланың ескі бөлігіндегі шағын аудандарда жаңа аула алаңдарын орнату қажет болды. Бүгінгі күні Тәуелсіздік, Қажымұқан, Жұмабаев, Майлин көшелеріндегі жұмыстар аяқталды.
Айта кетейік, аудан бойынша жаңа аулаларды абаттандырудан басқа, ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Жалпы көшелерде 250 тренажер, 30 workout аймағы орнатылады, 20-сы жөнделіп, 15 жаңа спорт алаңы салынады. Сондай-ақ 7 жаңа қоғамдық кеңістік ашылады:
- Бурабай көшесінен Еділ көшесіне дейін «Абылайхан» желекжолы;
- Р. Қошқарбаев даңғылы-Қордай көшесі;
- Абылай хан даңғылындағы аллея;
- «Встреча» СҮ алдындағы қоғамдық кеңістік;
- «Жерұйық-2» саябағы;
- Железнодорожный тұрғын алабындағы сквер;
- Интернациональный тұрғын алабындағы сквер.
БАҚ назарына!
Ертең, 1 маусым күні сағат 10: 00-де Сіздерді Тәуелсіздік, 4/1 мекен жайы бойынша орналасқан жаңа аула кеңістігінің салтанатты ашылуына шақырамыз. Сұрақтарыңыз болса, мына телефонға хабарласуға болады: +77017772311, Гүлшат Серікбекова.