
Іс-шараның өтетін күні мен уақыты: 2022 жыл 28 мамыр, сағат 11.00
Іс-шараның өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Жас Қанат» аула клубы, Абылайхан даңғылы, 49/3
Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін айтқан еді.
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні, «Балалар жылына» орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыс жасайтын 26 аула клубының 500-ден астам тәрбиеленушілерінің қатысуымен спорттық турнирлер өз бастауын алады.
Іс-шара аясында концерттік іс-шара және 6 спорт түрінен, оның ішінде: қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, каратэ, армрестлинг, футбол ойындарынан 28, 29, 31 мамыр және 1 маусым күндері жарыстар өтетін болады.
Жобаға қоғамға танымал тұлғалар, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, қалалық Мәслихат депутаттарының және спорт жұлдыздарының қатысуы күтілуде.
Қосымша ақпарат: 8 778 951 2279, Мөлдір
8 702 146 80 64, Асель