
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы 2022 жылдың 22 мамыр күні Дина Нұрпейісованың күйлерін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Домбыра жәрмеңкесі» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізетіндігін мәлімдейді.
Іс-шара барысында елімізге танымал күйшілер, ақындар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйлеп, ағаш отырғызып, «Дина Нұрпейісова» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, күй шертетін болады.
Сонымен қатар, жас күйшілердің сайысын өткізу жоспарлануда.
Осыған орай барлық БАҚ өкілдерін осы керемет шараның куәсі болып, іс-шара туралы халықты ақпараттандыруға шақырамыз.
Өткізілетін күні: 2022 жыл 22 мамыр.
Өткізілетін уақыты: 17:00.
Өткізілетін орны: «Дина Нұрпейісова» ескерткіші.
Қосымша сұрақтар бойынша: 87026697050 - Тастемір Ақұлан