
2022 жылдың 10 мамыры мен 20 мамыр аралығында елордадаДүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай онкүндік жарияланды.Аталмыш күндері АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне жастардың назарын аударуға және ақпараттандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарлап отыр.
Өтетін іс-шараларҚоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Қалалық Медициналық оқу орындарының студенттерінің және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен бірлесіп өткізіледі. «Біз есте сақтаймыз. Біз әрекет жасаймыз. Біз АИТВ-дан жоғарымыз » тақырыбы аясында он күн бойы қала тұрғындары әсіресе жастар арасында АИТВ-инфекциясын жұқтыру және алдын алу мәселелері бойынша және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту жолымен хабардар болу мақсатында, АИТВ-ға қатысты кемсітушілікті жою сияқты іс-шаралар өткізіледі.
- 12 мамыр 15:00 сағатта Студенттер саябағында, Қажымұқан көшесі, 7/1а мекен жайында қала жастарының қатысуымен «Біз есте сақтаймыз. Біз әрекет жасаймыз. Біз АИТВ-дан жоғарымыз» деген ұран аясында кең көлемде акция өтеді. Акция барысында концерттік ойын сауық бағдарламалар көрсетіліп, жастар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар кез келген тұрғын тегін түрде мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуге және 15 минут уақыт ішінде нәтижесін алуға мүмкіндігі бар.
-13 мамыр Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығында БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтеді.
- 14 мамыр Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауыменқаламыздағы көрнекі орындары«Бәйтерек»,«Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталықтары кешкі уақыттарда толық қызыл түске боялып жанады және «ҚТЖ ҰК» АҚ бас ғимаратында (Қонаев көшесі, 6) бейне роликтер кешкі уақытта көрсетілді.
Қосымша сауалдар үшін,
Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығы,
38-04-71, 8-701-622-56-78, Бақытгул