Logo

Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтан қаласының нашақорлыққа қарсы «ESIRTKEGE JOL JOQ» жобасының ПРЕСС-АНОНСЫ

Өтетін орны: «Хан шатыр» сауда орталығы, Тұран даңғылы, 37, 1-қабат

Өткізілетін уақыт: 20 сәуір, сағат 11:00-де

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Елордада 14-29 жас аралығындағы жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы «ESIRTKEGE JOL JOQ» жобасының ашылу салтанаты өтеді.

Бұл жоба осымен үшінші жыл Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асырылуда және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің ауқымды жобаларының бірі болып табылады. Жобаның мақсаты - диспансерлік есепте тұрған нашақорлардың санын азайту. Бұл жоба 2022 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін ай сайын жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіден бас тарту идеясын насихаттайтын іс-шаралардың кешені ретінде өткізіледі.

Әр кезеңде еріктілер полиция қызметкерлерімен, «Ренессанс» оңалту орталығының психологтарымен және «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы қызметкерлерімен бірге рейдтерге қатысады. Сондай-ақ, елорданың белсенді жастары үшін тренингтер өткізіледі, «Сенің өміріңнің ырғағы» акциясы аясында сурет конкурстары, БАҚ журналистер арасында «Үздік видео сюжет», «Үздік телевизиялық репортаж», «Үздік радиосюжет», «Баспасөздегі үздік басылым», «Интернет басылымдағы ең үздік мақала» номинациялары бойынша байқау, Instagram әлеуметтік желісінде сурет салу бойынша бейнероликтер байқауы және есірткіні тұтынуға теріс көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған спорттық челлендж жоспарлануда. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен жылдың соңында марапатталады.

Жобаның ашылу салтанаты кезеңінде «Дейін және кейін» фотокөрме ұйымдастырылады.

Бұл іс-шараға «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қамбаров Қайрат Тельманұлы, «РЕНАССАНС» оңалту орталығы департаменті басшысының орынбасары Александр Васильевич, Нұр-Сұлтан Қалалық есірткі саудасы департаментінің подполковнигі Сергей Сергеевич Ильиных, «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Рыль Ольга Владимировна, «Esirtkisiz Bolashaq» қорының директоры Ақтаев Жандос қатысады.

 

Қосымша ақпарат: +7 702 146 80 64, Асель

Дата публикации
19 апреля 2022
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы