
19 сәуір күні сағат 15.00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мәдениет саласындағы ұйымдардың басшылары ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Аманжол Әлтаймен кездеседі.
Кездесуге:
Кездесу барысында мәдениет мекемелерінің басшылары қаладағы театрлар, кітапханалар және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайды жақсартуға бағытталған мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу тетігіне, қызметкерлерге үстеме ақы төлеу жүйесіне, штат кестелеріне, кадрлардың тұрақтамауына және репертуарлық саясатты жетілдіруге байланысты өткір мәселелерді көтереді; бірінші жарты жылдықтағы қызметтің қорытындысын шығарады және жаңа театр мен концерт маусымындағы жоспарлармен бөліседі.
Аманжол Әлтай - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Қазақстандық ғалым, филолог, айтыскер ақын, айтыс шебері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы.