
Нұр-Сұлтан қаласы 02 сәуір 2022 ж.
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №88 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА – ЕРЕКШЕ КӨЗҚАРАС» тақырыбында «Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне» орай қалалық конференция өтетінін хабарлаймыз.
Негізгі мақсат - Ерекше балаларға қоғамда және мектепте қолжетімді орта қалыптастыру, білім беру ұйымдарының басшыларына тақырыптың идеясын ашып, тереңінен түсінік беру және ерекше балаларды оқытуда кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдарын тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асыру.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №88 мектеп-лицейінде инклюзияны қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтеді.
Форумға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар өкілдері, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, БАҚ өкілдері, шақырылған қонақтар қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, шара аясында инклюзивті білім беру бойынша Үздік құжаттар көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.
Форум материалдары http://bilim.astana.kz/, www.astana-modern.kz және Facebook, Instagram сайттарында жарияланады.
Өткізу мерзімі: 02 сәуір, 2022 ж.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, №88 мектеп-лицейі, мекен-жайы: Е-321 көшесі, 18 ғимарат.
Өткізу уақыты: 9.30-11.00
Қосымша ақпарат үшін: 8 708 170 71 71.