
26.03.2022 ж. 14.30 «Аспан» спорт кешені
Е-697 көшесі, 5
2022 жылдың 26 наурызында елорда мешіттерінің жамағаты арасында спорттық іс-шаралар маусымы ашылады. «Діндерді зерттеу орталығы» Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі мен Дене шынықтыру және спорт басқармаларының бастамасымен «Аспан» спорт кешенінде сағат 14.30-да футболдан «Теңбіл доп» спорт жарысы ұйымдастыруда. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Жакенов Берік Оралұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының басшысы Альмуханов Нұрдәулет Иманалиұлы, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жылқыбаев Самат Сәбитұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни оңалту бөлімінің» меңгерушісі Аманқұлов Хасан Ташайұлының қатысуы жоспарлануда.
Қазіргі таңда іс-шараға қатысуға 10-ға жуық команда өтініш білдірді. Жарыс барысында зайырлы мемлекет құндылықтары, спорттық ойындарының және салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін пайдасы және адасқан діни топтардан сақтандыру тақырыптарында сөз қозғалады.
Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, кубокпен және медальдармен марапаттау күтілуде.
Жалпы бұл бағыттағы іс-шаралар осы жылы өз жалғасын басқа да спорт түрлерінен өз жалғасын табады.
Жауапты орындаушы: А. Өмірбаев, тел.: 8 707 907 8070