Logo

Меню

Страницы

Статья

«Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығы

     Нұр-Сұлтан қаласының

     Мәдениет басқармасы

     E-mail: Kense_uk@astana.kz

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай  «Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығы жобасы  25 наурыз күні сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында өткізіледі.

Бұл жобаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Қазақстан» РТРК АҚ  әр жыл сайын өткізуді жоспарлауда. Елімізде биыл 2-рет ұйымдастырылып отырған бұл жоба ұлттық  құндылықтарымызды дәріптеп, мәдениетіміздің өркендеуіне ерен еңбек қосқан жандарды марапаттайды. Осыған орай, qazaqstan.tv сайтында ұлттық  руханиятымыздың насихатталуына үлес қосып жүрген өнерпаздар арасында «Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығына байқау жарияланды. Көрермендер 7-13 наурыз күндер аралығында qazaqstan.tv сайтына кіріп, өз таңдауларын жасай алды. Жеңімпаздар жанкүйерлердің онлайн  дауыс беруі арқылы анықталды.

Жобаға 8 аталым бойынша барлығы 114 үміткер қатысты. Олардың арасында белгілі тұлғалар, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, күйші Айгүл Үлкенбаева, Айтолқын Тоқтаған, Асылбек Еңсепов, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіман, жыршы Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Күнсұлу Түрікпен, зергер Өтепқали Өміров, Серікқали Көкенов, Төлепберген Сарманбеков, қолөнер шеберлері, ежелгі ұсталық өнерді жалғастырушылар Дәулет Дәркембайұлы, Үмбетовтер отбасы, Азат Үзенбаев, Бақыт Кеңшілік және көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінің шеберлері бар.

         Байқау жеңімпаздары биыл «Үздік айтыскер», «Үздік күйші», «Үздік әнші», «Үздік жыршы», «Үздік зергер», «Үздік шебер», «Үздік тоқыма шебері», «Үздік ұлттық спорт шебері» аталымдары бойынша анықталады.

         Байқау жеңімпаздарын айтыскер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Айтжан Тоқтаған, Қазақстанның халық әртісі, профессор Қайрат Байбосынов,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы, Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі Берік Әлібай, «Балапан» телеарнасының директоры, журналист Қымбат Досжан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакенов, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серик Сапиев табыстайды.

 

Іс-шара:           «Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығы

Өтетін орны:  Нұр-Сұлтан қ., Кенесары 32 көшесі

Күні:                25 наурыз 2022 жыл

Уақыты:         19:00

БАҚ бөлімі:    +7 777 083 50 23, +7 775 342 49 38

 

Дата публикации
25 марта 2022
Дата обновления
25 марта 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы