Logo

Меню

Страницы

Статья

Халықаралық сайлау күні

2022 жылғы 02 ақпанда жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күніне арналған "Сайлауға қатысу міндетті. Әр дауыс маңызды!" атты жас сайлаушылармен онлайн-конференция өтті.

Дүниежүзілік сайлау күні азаматтардың сайлауға қатысуға жалпы құқығын еске түсіреді және әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы білімдерін кеңейтуге, сайлаушылардың дауыс беруге қатысуына ықпал етуге бағытталған. Осылайша, бұл азаматтардың сайлауға қатысу құқығының белгісі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырудың маңызды нысаны болып табылады.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы АСК төрағасының орынбасары – З. Хамзин; Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы АСК хатшысы – Г. Ақбарова; «Астана» Халықаралық университетінің «Жоғары құқық мектебінің» деканы, Заң ғылымдарының докторы, профессор – С.Амандықова; № 342 УСК төрағасы – М. Тұрсымбекова; № 105 УСК төрағасы - Қ. Әбдірахманов және студенттер қатысты. Кездесу қызықты өтті, жастар сайлау туралы ойларын талқылап, модераторларға қызықтыратын сұрақтарын қойып, пікір таластырды.

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы