
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданында Дүниежүзілік сайлау күніне орай Кәсіптік-техникалық колледж қабырғасында жас сайлаушылармен кездесу өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның айының алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл күн 2005 жылы 14-17 қыркүйекте Венгрияда өткен Дүниежүзілік сайлау ұйымдарының конференциясында белгіленді. Мереке азаматтардың сайлауға қатысу құқығын, демократиялық азаматтық құқықтары мен бостандығын құрметтеуді білдіреді.
Іс-шараға колледж студенттері, Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ғ. Бектемісова, қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Ш.М. Шәріпов, «Есіл ауданының АСК төрағасы Б. Қапезов, «Есіл» ауданы АСК төрағасының орынбасары З. Хамзин, № 124 УСК төрағасы Ж. Ұлтарақов қатысты.
№ 342 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы М. Тұрсынбекова «Сенің сайлау құқығың» атты тұсаукесер жасады.
Кездесу барысында жастар сайлау жүйесіне қызығушылық танытып, пікір таластырды.