Logo

Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтанда «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты интернет-олимпиаданың қатысушыларына сертификаттар табысталды

Нұр-Сұлтан қаласында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты интернет-олимпиадасы – «Үздік пікірсайысшы» байқауына қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуын атап өту аясында Сайлау комиссиясы осы жылдың 24 қыркүйегінде демократияны, парламентаризмді дамыту және ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты және Қазақстанның ЖОО-ларының қауымдастығымен бірлесіп, студенттер арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты интернет-олимпиадасы – «Үздік пікірсайысшы» байқауын өткізді.

Іріктеу кезеңі онлайн-тестілеу түрінде жүргізіліп, әлем елдерінің, ТМД мемлекеттері мен Қазақстан Республикасының сайлау жүйелерінің ерекшеліктері мен негізгі алуан-түрліліктері жөнінде танымын бағалауға бағытталды. Интерактивті тестілеуге қатысу үшін еліміздің 37 ЖОО-сынан 354 студент тіркелді.

«Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында өткізілген интернет-олимпиадаға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреді. Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтаймыз! Тура 30 жыл бұрын әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Біздің еліміз өздігінен даму жылдарында халықаралық аренада лайықты орын алып, көптеген салаларда айтулы жетістіктерге жетті. Мұның барлығы барша қазақстандықтардың ерігі мен қажымас еңбегінің арқасында мүмкін болды», - деді Сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.

Ұлттық қазылар алқасының шешіміне сәйкес интернет-олимиаданың жеңімпазы І дәрежелі дипломмен, екі жеңімпаз – ІІ дәрежелі дипломмен, пікірсайыс байқауына қатысқан бірінші кезең жеңімпаздары – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дата публикации
17 ноября 2021
Дата обновления
17 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
20 октября 2026
Ақпараттық материалдар
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы